fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Дусипов Нұрбек Назарбайұлы

Отепова Гульнара Данифовна

ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында аккредиттеуден өткен «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Білімі: Жоғары (Ташкент медициналық институты 1987-1993 ж.)

Еңбек өтілі:

1993-1994 жылдары облыстық көз емханасының ординатор дәрігері (Көкшетау қ.)

1994-1998 жылдары Көкшетау қаласында өзінің жеке кабинетінде офтальмолог дәрігер болып жұмыс істеді.

1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында 3 жеке меншік клиника мен оптика салонының менеджментін жүзеге асыратын, өзі құрған «Отепова и Компания» ЖШС компаниясын басқарады.

2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында аккредиттеуден өткен «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.

Марапаттар:

2002 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ұйымдастырған «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» тақырыбындағы республикалық байқаудың «Халыққа қызмет көрсету» номинациясында 1-орын.

2006 жыл – Астана қаласы әкімдігімен өткізілетін «Үздік кәсіпорын» тақырыбындағы байқауда «Денсаулық» номинациясы бойынша 2-орын.

2007 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен куәлік № 15998 марапатталды.

2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына» медалімен марапатталды.

2015 жылы «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына» медалімен куәлік № 06637 марапатталды.

2016 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» куәлік № 09309 медалімен марапатталды.

2018 жылы «Астананың 20 жылдығы» медалімен куәлік №7972 марапатталды.

Пациенттің құқықтары мен міндеттері

Пациенттердің құқықтары

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары келесі құқықтарға ие:

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін тізімге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

Медициналық ұйымды еркін таңдауға, сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға;

Диагностика, емдеу және күтім жасау барысында өз мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен, лайықты қарым-қатынасқа;

Медициналық көмекті кезектілікпен тек медициналық көрсеткіштерге сәйкес, ешқандай кемсітушілік факторларға жол берілмей алуға;

Отбасының, туыстарының және достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметкерлерінің қолдауына;

Қолданыстағы медициналық технологиялар деңгейі мүмкіндік беретін шеңберде ауырсынуды және азапты жеңілдетуге;

Өзінің денсаулығы туралы, тексеру нәтижелері, профилактика, диагностика және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;

Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден өз құзыреті шегінде профилактика, диагностика, ауруларды емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер және денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы шынайы ақпаратты тегін алуға;

Өз денсаулығы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;

Кепілдік берілген тегін медициналық көмектен тыс қосымша медициналық қызметтерді өз қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті сақтандыру жүйесі және өзге де заңмен тыйым салынбаған көздер есебінен алуға;

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен медициналық көрсеткіштер болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

Өз еркін білдіруге мүмкіндігі жоқ жағдайларды (шок, кома), жұқпалы аурулар, айналадағы адамдарға қауіпті аурулар, ауыр психикалық бұзылыстары бар жағдайларды қоспағанда, медициналық көмектен бас тартуға;

ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК клиникалық базасында жүргізілетін оқу процесіне қатысудан және емдеу-диагностикалық процедуралар кезінде бөгде адамдардың қатысуынан бас тартуға;

Дәрігерлік құпияны құрайтын құпия мәліметтердің жария етілмеуіне (ерекше көзделген жағдайларды қоспағанда);

Уақытша еңбекке жарамсыздық фактісін растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын алуға;

Көрсетілетін ақылы қызметтер, олардың құны және ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға;

Медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауы және қолдануы салдарынан денсаулығына келтірілген зиянның орнын өтеуге;

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;

Мемлекеттік медициналық сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш жасауға.

Азаматтардың ана мен баланы қорғау құқығы келесі жолмен қамтамасыз етіледі:

Кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде медициналық тексерулер жүргізу, репродуктивті жастағы әйелдерді динамикалық бақылау және сауықтыру;

Әйелдердің репродуктивті денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсеткіштер бойынша емдеу, ауру балаға күтім жасау үшін стационарға жатқызу кезінде.

Пациенттердің міндеттері

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті:

Өз денсаулығын сақтауға қамқорлық жасауға;

Денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған шаралар қабылдауға;

Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, медициналық ұйым мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина қызметкерлерімен ынтымақтаса әрекет етуге;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге;

Жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты медициналық қызметкерлердің нұсқамаларын орындауға;

Өз денсаулығы мен айналадағы адамдардың денсаулығын қорғау жөніндегі сақтық шараларын сақтауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексерілуге және емделуге, жұқпалы және айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар туралы медициналық персоналды хабардар етуге;

Медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен құрмет танытуға;

Диагноз қою және емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға;

Медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

Диагностика және емдеу кезінде денсаулығының жағдайы өзгергені туралы медициналық қызметкерлерге уақтылы хабарлауға, сондай-ақ айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулар немесе күдік туындаған жағдайларда да хабарлауға;

Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға.

ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК аумағында тыйым салынады:

Алкогольдік ішімдіктерді ішу, есірткі, психотроптық және уытты заттарды қолдану;

Алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде болу;

Темекі шегу және ашық отты пайдалану;

Үстіңгі киіммен және ауыстырмалы аяқ киімсіз (бахиласыз) ғимаратқа кіру;

Палаталарда үстіңгі киімді және аяқ киімді сақтау;

Басқа палаталарға, бокстар мен бөлімшелерге рұқсатсыз кіру;

Дыбысты қатты шығарып сөйлесу, шу шығару;

Дәрігер қабылдауында, процедуралар, манипуляциялар және тексерулер кезінде ұялы телефонмен сөйлесу;

Қалдықтарды, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау;

Жылу жүйесі құралдарын өз бетінше реттеу;

Электр құрылғыларын қараусыз қалдыру;

Тұрмыстық электр қайнатқыштарын пайдалану;

Құжаттарды, ақшаны, бағалы заттарды қараусыз қалдыру;

Қызметтік көлік қозғалысына кедергі келтіретін жеке автокөлікті орталық аумағына қою;

Рұқсат етілмеген азық-түліктер мен сусындарды алып кіру және тұтыну, жеткізу қызметтерін пайдалану;

Емдеуші дәрігердің немесе бөлім меңгерушісінің рұқсатынсыз бөлімшеден шығу;

Пиротехникалық құралдарды (петардалар, фейерверктер, хлопушкалар) пайдалану;

Отты және суық қару, химиялық және жарылғыш заттар және өзге де қауіпті заттарды алып кіру;

Ірі көлемді заттарды (қаптар, туристік рюкзактар, чемодандар және т.б.) алып кіру;

Фотосуретке түсіру, аудио-, бейнежазба жасау және трансляция жүргізу — тек орталық басшылығының рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

Этика ережелері

Іскерлік этикет және корпоративтік мәдениет

Соблюдение ҰШМҮО іскерлік этика кодексін сақтау атқаратын лауазымына қарамастан, барлық лауазымды тұлғалар және ҰШМҮО барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары этикалық стандарттарына негізделген бірыңғай корпоративтік рух пен мәдениетті сақтауға арналған. Іскерлік этика кодексінде ұйым ішінде де, сыртқы серіктестермен де бірыңғай құндылықтар, этикалық қағидаттар мен мінез-құлық стандарттары жазылған.

ҰШМҮО өз қызметкерлері мен олардың жұмысында стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге бағдарлануды, кәсібилік пен жетілуге ұмтылуды, бастамашылдық пен белсенділікті, тәртіптілік пен жауапкершілікті, өзара қолдауды, жас маманға көмек көрсетуді бағалайды

ҰШМҮО қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарғаны үшін жалпы қабылданған сыпайылық пен қонақжайлылықтың нысандарын қоспағанда, сондай-ақ хаттамалық және өзге де ресми іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардан сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдауға құқығы жоқ. Іскерлік келіссөздер, әсіресе телефон арқылы, биязы және сыпайы түрде жүргізілуі керек.

Жиналыстарда ұялы телефондарды өшіріңіз немесе дыбыссыз режимді қосыңыз!!!

Медициналық этика және деонтология

  1. медицина қызметкері «зиян келтірме!» емдеу әдісін таңдай отырып, пациентті негізсіз қауіп-қатерге ұшыратпауы тиіс.
  2. медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуі, оған тілектестікпен қарауы, оның жеке құпиясының құқығын құрметтеуі, пациенттің туыстары мен жақындарының алаңдаушылығын түсіністікпен қабылдауы, пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы тиіс.
  3. медицина қызметкері пациентке өзінің діни және саяси көзқарасын таңытуға құқығы жоқ.
  4. медицина қызметкерінің пациентпен қарым-қатынасы кезінде өзін-өзі жарнамалауға жол берілмейді.
  5. пациенттен ұсынылатын қызметтер үшін төлем талап ету фактілеріне жол берілмеуі тиіс.
  6. медицина қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және өзге де кәсіби емес себептер медициналық көмек көрсетуге әсер етпеуі тиіс.
  7. медицина қызметкері өзінің жағдайын, пациенттің эмоционалдық жағдайын пайдаланып, онымен мүліктік мәмілелер жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта пайдалануға, сондай-ақ бопсалау және парақорлықпен айналысуға құқығы жоқ.

ҰШМҮО диспетчерлік қызметінің қызметкерлері үшін телефон арқылы сөйлесулер жүргізу этикасы:

  1. ҰШМҮО диспетчерлік қызметінің қызметкерлері (аға дәрігерлер, фельдшер-диспетчерлер) пациенттермен, іскерлік серіктестермен телефон арқылы сөйлескен кезде кез келген жағдайда сабырлы болуға және әңгімелесушінің мінез-құлқына ешқашан өзінің наразылығын білдірмеуге тиіс.
  2. диспетчерлік қызметтің қызметкері өзінің интонацияларында өте сыпайы болуы тиіс. Әңгімелесушінің дөрекілігі, баяулығы немесе көп сөйлейтіндігі туралы айтуға болмайды. Медициналық емес қызметкерлермен сөйлескен кезде өз сөзінде кәсіби терминологияны қолдануға болмайды.
  3. диспетчерлік қызмет қызметкері өзінің әңгімелесушісіне әрдайым мұқият қарайды. Ол сұхбаттасушының ақпаратты – мазмұны, жылдамдығы, көлемі және эмоционалды жай-күй тұрғысынан қабылдауға ыңғайлы екендігіне көз жеткізеді.

Сыртқы келбет (дресс-код)

Медициналық қызметкерлерге арналған ҰШМҮО-да сыртқы келбеттің мынадай стандарттары белгіленген: бактерияға қарсы сіңіруі бар мақта-мата негізіндегі хирургиялық костюм, мақтамен аралас матадан жасалған капюшоны бар кеудеше, мақтамен аралас матадан жасалған костюм, бактерияға қарсы сіңіруі бар мақта-мата негізіндегі медициналық халат. Негізгі түсі – медицина қызметкерлері үшін – сары жапсырмалары бар қызыл, реанимобиль жүргізушілері үшін - жарық шағылыстыратын сызығы бар қара көк, санитарлар үшін – жапсырмалары жоқ күлгін түс.

ҰШМҮО әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде киім, аяқ киім және шаш үлгісін таңдауда іскерлік стильді қатаң ұстануға тиіс. Іскерлік стиль – киімнің консервативті стилі. Ресми іскери стиль аксессуарларды аз қолдана отырып, стильді костюм мен классикалық аяқ киімді білдіреді.

Әрбір қызметкерде Тегі, Аты, Әкесінің аты және лауазымы көрсетілген бейдж болуы тиіс.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы