fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2025 жылғы халықаралық ынтымақтастық

Түркі мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттері арасындағы шұғыл медициналық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

2025 жылдың 7 сәуірінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Түркі мемлекеттер ұйымына мүше елдердің арасында шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл маңызы бар тарихи іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы, Әзірбайжан Республикасының Республикалық жедел медициналық көмек орталығының директоры, Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық білім және ғылым бөлімі басшысы, Доктор, Еуропалық одақ және сыртқы істер департаментінің Бас Директоры, Өзбекстан Республикасының Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету ғылыми орталығының Бас Директоры қатысты.

Меморандумға қол қою шұғыл медициналық көмек жүйесін дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болмақ. Болашақта төтенше жағдайларда өзара көмекті нығайту және түркі мемлекеттерінің денсаулық сақтау жүйелерін дамудың жаңа деңгейіне шығару жоспарлануда.

Шұғыл медицина бойынша халықаралық конференция және еуразиялық қоғамдастықтың III съезі

3-14 мамыр күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы және ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының ұйымдастыруымен Еуразиялық шұғыл медицина қауымдастығының  III съезінің шеңберінде «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты Халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ашып,  ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Ержан Әділбеков сьезге келген шетелдік қонақтарды таныстырды.

Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Түркиядан келген шұғыл медициналық көмек саласындағы отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиында диагностикалау, емдеу, инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл әрекет ету жүйелерінің тұрақтылығына арналған пленарлық сессиялар мен тақырыптық секциялар қамтылды.

Съездің екінші күні шетелдік сарапшылар үшін ҰШМҮО клиникасына экскурсия өткізілді. Қонақтар клиниканың қызметімен жан-жақты танысып, өзекті мәселелерге арналған баяндамалар тыңдалып, пікір алмасу жүргізілді.

Конференция шұғыл медицинаны дамыту саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға, серіктестік байланыстар орнатуға және жаңа перспективалық бағыттарды айқындауға маңызды алаң болды.

2024 ж. халықаралық ынтымақтастық

2023 ж. халықаралық ынтымақтастық