fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Сапаны бақылау және пациенттерді қолдау бөлімі

 

     Сапаны бақылау  және пациенттерді қолдау бөлімі – ұйымдағы қызмет көрсетудің барлық деңгейінде медициналық көмектің сапасын жүйелі басқаруды және пациенттердің қауіпсіздігі саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше.

 

Бөлім қызметінің мақсаты

Медициналық көмектің сапа деңгейін арттыру, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапаны басқару жүйесін тұрақты жетілдіру.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері

  • Медициналық қызметтердің ішкі сапа бақылау жүйесін енгізу, үйлестіру және тұрақты жетілдіру;
  • Медициналық көмек көрсету барысында стандарттардың, клиникалық хаттамалардың, ішкі рәсімдер мен регламенттердің сақталуына мониторинг жүргізу;
  • Пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер мен қолайсыз оқиғаларды анықтау, талдау және алдын алу;
  • Ішкі аудиттерді, трейсерлік тексерулерді, сауалнамаларды ұйымдастыру және пациенттердің кері байланысын талдау;
  • Ұлттық аккредиттеу талаптарына дайындық жұмыстарын үйлестіру және тәуелсіз сапа бағалау рәсімдеріне қатысу;
  • Қызметкерлердің пациент қауіпсіздігі мен тәуекелдерді басқару саласындағы білімін, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Аудиттер мен тексерулер нәтижелері бойынша түзету, алдын алу іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
  • Медициналық ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізу және жетілдіру ұсыныстарын енгізу.

 

Бөлімнің даму стратегиясы

 

  • Қызметкерлер арасында сапа, қауіпсіздік және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру;
  • Сапаны бақылау, мониторинг және бағалау процестерін автоматтандыру мен цифрландыруды дамыту;
  • Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді енгізу;
  • Пациентке бағытталған қызмет көрсету қағидаттарын жетілдіру арқылы пациенттердің қанағаттану деңгейін тұрақты арттыру;
  • Медициналық қателіктер мен тәуекелдердің алдын алу жүйесін күшейту және клиникалық тиімділікті жоғарылату;
  • Ішкі сапа бақылау жүйесін тұрақты жетілдіру және медициналық ұйым қызметінің аккредиттеу талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Заманауи басқару тәсілдері мен талдау құралдарын енгізу арқылы медициналық қызметтердің тиімділігін арттыру.

 

Жауапкершілік аймағы мен функционалы

 

  • Медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде сапа мен пациент қауіпсіздігі талаптарының сақталуын үйлестіру және бақылау;
  • Сапа бақылау жүйесіне қатысты ішкі және сыртқы есептілікті жүргізу, талдау және ұсыну;
  • Аккредиттеу стандарттарының, нормативтік-құқықтық актілердің, ішкі ережелер мен рәсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Пациенттермен кері байланыс жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және өтініштер мен шағымдарды талдауға қатысу;
  • Медициналық ұйым қызметінің сапасын жетілдіруге бағытталған талдамалық есептер, қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу;
  • Ішкі аудиттер, мониторинг және бағалау нәтижелері бойынша түзету және алдын алу іс-шараларын бақылау;
  • Ұйымда қауіпсіз және пациентке бағдарланған орта қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды үйлестіру.

 

Бөлім басшысы

Абылкасова Науша Тәуекелқызы

Сапаны бақылау  және пациенттерді қолдау бөлімінің  басшысы ретінде медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге, пациентке бағдарланған қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ сапаны бақылау мен пациент қауіпсіздігі бағытындағы қызметті үйлестіруге жауапты.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, бірінші біліктілік санатының маманы, денсаулық сақтау жүйесіндегі Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA), Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу сарапшысы.

Кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі:

  • ISO 9001:2015 және ISO 7101:2023 халықаралық стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы;
  • ISO 37001:2016 стандарты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы;
  • Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінде кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен;
  • Денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі – 15 жыл;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

 

 

 

Пациенттерді қолдау қызметі

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Пациенттерді қолдау қызметі медициналық көмектің сапасын арттыру, пациенттердің құқықтарын қорғау, ашықтық пен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқарады. Қызмет азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрекет етуге, даулы мәселелерді шешуге және пациентке бағдарланған қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

 

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • Пациенттер мен олардың туыстарынан өтініштерді, шағымдарды, ұсыныстарды және алғыс хаттарды қабылдау және қарау;
  • Пациенттердің құқықтары мен міндеттері бойынша ақпараттық және консультативтік көмек көрсету;
  • Даулы және жанжалды жағдайларды шешуге жәрдемдесу;
  • Өтініштердің қаралу сапасы мен мерзімдеріне бақылау жүргізу;
  • Медициналық қызметтердің сапасына пациенттердің қанағаттану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу;
  • Пациенттердің пікірлері негізінде медициналық қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ұсыныстар енгізу.

Қалай хабарласуға болады?

  • Жеке қабылдау арқылы:
    №14 кабинет, 2-қабат, F блогы
    Жұмыс уақыты: 08:00 – 17:00
  • Телефон арқылы:
    +7 (7172) 57-35-37
  • Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік арқылы жазбаша өтініш қалдыруға болады.

Біз кепілдік береміз:

  • Өтініштердің құпиялылығын сақтау;
  • Әрбір өтінішті объективті және жан-жақты қарау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жауап беру.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Сізде сұрақ, ұсыныс немесе шағым бар ма?
Біз сізге әрдайым көмектесуге дайынбыз!

? ҰШМҮО сенім телефоны:
+7 (7172) 57-35-37