22 желтоқсанның 2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі “2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында жіті инсульттарды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Жол картасын” бекіту туралы 02.08.2016 жылғы № 686 бұйрық қабылдады, оны орындау “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ-на (бұдан әрі “ҰНО” АҚ) жүктелді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Инсульттан болатын өлім-жітімді азайтудың және инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартудың кейбір мәселелері туралы» жаңа құрылымдық бөлімшесі «Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы» (бұдан әрі-РИПЖҮО) «ҰНО» АҚ құрамында ашылды.
Науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 27.06.2023 ж. № 384 бұйрығымен «Ұлттық щұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа «РИПЖҮО» құрылымдық бөлімшесін ашу жүктелді.
РИПЖҮО құрудың мақсаты мүгедектіктің алдын алу және өлім-жітімді азайту үшін инсульт кезінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.
РИПЖҮО Ұлттық щұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұйымдастыру-әдістемелік, клиникалық, ғылыми және білім беру жұмыстарын үйлестіретін бірегей бөлімшесі болып табылады. РИПЖҮО ұжымы қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда:
- Медуханова Сабина Гарафовна – РИПЖҮО басшысы, невролог дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (JMHM);
- Бакирова Жанель Ержановна – РИПЖҮО бас маманы, менеджер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі;
- Нургалиева Шырын Кадеровна – РИПЖҮО жетекші маманы, невролог дәрігер;
- Қабиболла Самал Мұратқызы – РИПЖҮО жетекші маманы, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
РИПЖҮО қызметкерлерімен ҚР инсульт қызметін тиімді талдау, мониторинг және басқару үшін республикалық индикаторлар әзірледі. Республикалық Жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. ҚР өңірлеріне шығу жүзеге асырылуда, оның барысында проблемалар мен мүмкін болатын шешу жолдарын талдай отырып, өңірлердің инсульт орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізіледі. Инсульттің күрделі жағдайларын, оның ішінде жүктілік кезінде және босанғаннан кейін емдеу тактикасы мәселелері бойынша ҚР өңірлерімен телемедициналық консультациялар жүргізіледі, санитариялық авиация желісі бойынша ұшулар жүзеге асырылады. ҚР ДСМ 005 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Инсульт» басымдығы бойынша 2017 жылдан бастап инсульт қызметінің мамандары: неврологтар, нейрохирургтер, интервенциялық хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, реабилитологтар, терапевттер, ЖТД, фельдшерлер, логопедтер оқытылды. Нозология бойынша клиникалық хаттамалар әзірленді: «Субарахноидальды қан құйылу», «Жарақаттық емес қарыншаішілік қан құйылу», «Церебральды веноздық тромбоз».
Жыл сайын неврология және инсульт қызметін ұйымдастыру саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, олардың барысында елдің әр өңірінің өзекті мәселелері талқыланады.
2017 жылы инсульттің алғашқы белгілерін тану және медициналық көмекке уақытылы жүгіну бойынша 2 әлеуметтік ролик шығарылды, олардың авторы З.Б. Ахметжанова болып табылады, олардың бірінде басты рөлді белгілі қазақстандық актер Ерболат Касымович Тогузаков сомдады. Роликтер «КТК», «Астана», «Хабар» республикалық телеарналарында, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде медициналық ұйымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде көрсетіледі.
2019 жылғы 23 қазанда «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы С.К. Акшулаков пен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, ДДҰ Қазақстандағы басшысы және тұрақты өкілі О. П. Честнов «Инсульттің алдын алу және емдеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқа да аралас мәселелер бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.
2022 жылы «Неврологиялық тапшылығы бар науқастар үшін үй жағдайында күтім мен оңалтудың тәжірибелік нұсқаулары» қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты.
2024 жылы халықаралық және Қазақстан Республикасының инсульт қызметі мамандарының қатысуымен «Инсульт мектебі – 2024» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция барысында инсультті диагностикалау, емдеу және оңалтудың маңызды мәселелері, Қазақстандағы инсульт қызметінің жағдайы және емдеудің жаңа инновациялық әдістері талқыланды. Іс-шара аясында Angels Initiative ұйымы қатысушыларға жедел жәрдем көрсету дағдыларын жақсартуға мүмкіндік беретін «Инсульт кезінде жедел жәрдем көрсету туралы интерактивті Workshop» мастер-классын өткізді.
Қазіргі уақытта РИПЖҮО қызметкерлері ұзақ мерзімді жобаларға қатысады:
- Атеросклероз бойынша сарапшылық кеңес, «Атеросклероз және липидті бұзылулар бойынша медициналық көмек көрсетудің жол картасын» әзірлеу.
- ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дұрыс тамақтануды насихаттаудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан Тамақтану жөніндегі жұмыс тобы.
- 5-9 жас аралығындағы балалар арасында инсульттің алғашқы белгілері туралы білімді тарату жобасы «Fast Heroes», халықаралық жобасын жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 81 инсульт орталығы жұмыс істейді.
Неврологиялық тапшылығы бар науқастар үшін үй жағдайында күтім мен оңалтудың тәжірибелік нұсқаулары