fbpx

KZ

 

«Медициналық авиацияны дамытудың замануи тұжырымдамалары мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2021 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және медициналық авиация қызметінің 10 жылдығына арналған «Медициналық авиацияны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды және өткізілді. Медициналық авиация саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ауқымды кездесуі онлайн форматта өтті.

Конференция барысында Қазақстан, Ресей, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Германияның шұғыл медицинасы саласындағы жетекші мамандар өз баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар сәтті тәжірибенің мысалдарымен алмасып, шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы проблемаларымен бөлісті. Науқастар мен зардап шеккендерді санитариялық-авиациялық эвакуациялау, медициналық авиация қызметін дамыту перспективалары, пандемия жағдайындағы жедел жәрдем қызметінің жұмысы, ауыр жарақат алған пациентті алып жүру, жедел медициналық көмек қызметінің жұмысына 103 автоматтандырылған басқару жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және т.б. мәселелер талқыланды.

Іс-шараның ресми демеушісі «Astana motors», сондай-ақ «Hyundai Trans Almaty» компаниясы болды.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды.

 

Тезис жинағы ЖҮКТЕУ

FaLang translation system by Faboba