fbpx

KZ

Өтініш үлгісі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 121-бабының 3-тармағына сәйкес медициналық авиация ауыр жай-күйдегі пациентті шетелдік клиникалардан отандық клиникаларға жеткізу жағдайында пайдаланылуы мүмкін.

«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығының 4-тарауы 64-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдардағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды біздің еліміздің медициналық ұйымына тасымалдауды ұйымдастырудың қажеттілігі туралы уәкілетті органның хаты мамандырылған немесе арнайы дайындалған әуе кемелерін пайдалану арқылы медициналық авиация нысанында медициналық көмекті көрсетуге негіз болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, пациенттерді тасымалдау тек шетелдік медициналық ұйымдардан Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына ғана жүзеге асырылатынын хабарлаймыз


Әрбір облыс орталығында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жанында медициналық авиация бөлімшесі орналасқан, онда жауапты тұлға-үйлестіруші дәрігер бекітілген.

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттелген.

Қағидаларға сәйкес, медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін мыналар негіз болып табылады: пациенттің медициналық картасынан үзінді, медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші дәрігерінің өтінімі, шұғыл жағдайларда уәкілетті органның ауызша тапсырмасы, жазбаша растаумен және ЖМЖ қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыру.

Бүгінгі күні медициналық авиацияны тарта отырып тасымалдау пациенттің медициналық құжаттарын ұсына отырып, пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымнан диспетчерлік қызметке өтінім беру кезінде мүмкін болады.


Бос орындар туралы ақпарат emcrk.kz сайтында жарияланады.


FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар