НҚА
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ -27 бұйрығы « Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығы «Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-330/2020 бұйрығы «Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы «Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 105 бұйрығы «Халықаралық стандарттарға сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы».
Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлғалар
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың тізімі
Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы
22 желтоқсанның 2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі “2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында жіті инсульттарды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Жол картасын” бекіту туралы 02.08.2016 жылғы № 686 бұйрық қабылдады, оны орындау “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ-на (бұдан әрі “ҰНО” АҚ) жүктелді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Инсульттан болатын өлім-жітімді азайтудың және инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартудың кейбір мәселелері туралы» жаңа құрылымдық бөлімшесі «Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы» (бұдан әрі-РИПЖҮО) «ҰНО» АҚ құрамында ашылды.
Науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 27.06.2023 ж. № 384 бұйрығымен «Ұлттық щұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа «РИПЖҮО» құрылымдық бөлімшесін ашу жүктелді.
РИПЖҮО құрудың мақсаты мүгедектіктің алдын алу және өлім-жітімді азайту үшін инсульт кезінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.
РИПЖҮО Ұлттық щұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұйымдастыру-әдістемелік, клиникалық, ғылыми және білім беру жұмыстарын үйлестіретін бірегей бөлімшесі болып табылады. РИПЖҮО ұжымы қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда:
- Медуханова Сабина Гарафовна – РИПЖҮО басшысы, невролог дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (JMHM);
- Бакирова Жанель Ержановна – РИПЖҮО бас маманы, менеджер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі;
- Нургалиева Шырын Кадеровна – РИПЖҮО жетекші маманы, невролог дәрігер;
- Қабиболла Самал Мұратқызы – РИПЖҮО жетекші маманы, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
РИПЖҮО қызметкерлерімен ҚР инсульт қызметін тиімді талдау, мониторинг және басқару үшін республикалық индикаторлар әзірледі. Республикалық Жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. ҚР өңірлеріне шығу жүзеге асырылуда, оның барысында проблемалар мен мүмкін болатын шешу жолдарын талдай отырып, өңірлердің инсульт орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізіледі. Инсульттің күрделі жағдайларын, оның ішінде жүктілік кезінде және босанғаннан кейін емдеу тактикасы мәселелері бойынша ҚР өңірлерімен телемедициналық консультациялар жүргізіледі, санитариялық авиация желісі бойынша ұшулар жүзеге асырылады. ҚР ДСМ 005 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Инсульт» басымдығы бойынша 2017 жылдан бастап инсульт қызметінің мамандары: неврологтар, нейрохирургтер, интервенциялық хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, реабилитологтар, терапевттер, ЖТД, фельдшерлер, логопедтер оқытылды. Нозология бойынша клиникалық хаттамалар әзірленді: «Субарахноидальды қан құйылу», «Жарақаттық емес қарыншаішілік қан құйылу», «Церебральды веноздық тромбоз».
Жыл сайын неврология және инсульт қызметін ұйымдастыру саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, олардың барысында елдің әр өңірінің өзекті мәселелері талқыланады.
2017 жылы инсульттің алғашқы белгілерін тану және медициналық көмекке уақытылы жүгіну бойынша 2 әлеуметтік ролик шығарылды, олардың авторы З.Б. Ахметжанова болып табылады, олардың бірінде басты рөлді белгілі қазақстандық актер Ерболат Касымович Тогузаков сомдады. Роликтер «КТК», «Астана», «Хабар» республикалық телеарналарында, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде медициналық ұйымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде көрсетіледі.
2019 жылғы 23 қазанда «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы С.К. Акшулаков пен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, ДДҰ Қазақстандағы басшысы және тұрақты өкілі О. П. Честнов «Инсульттің алдын алу және емдеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқа да аралас мәселелер бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.
2022 жылы «Неврологиялық тапшылығы бар науқастар үшін үй жағдайында күтім мен оңалтудың тәжірибелік нұсқаулары» қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты.
2024 жылы халықаралық және Қазақстан Республикасының инсульт қызметі мамандарының қатысуымен «Инсульт мектебі – 2024» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция барысында инсультті диагностикалау, емдеу және оңалтудың маңызды мәселелері, Қазақстандағы инсульт қызметінің жағдайы және емдеудің жаңа инновациялық әдістері талқыланды. Іс-шара аясында Angels Initiative ұйымы қатысушыларға жедел жәрдем көрсету дағдыларын жақсартуға мүмкіндік беретін «Инсульт кезінде жедел жәрдем көрсету туралы интерактивті Workshop» мастер-классын өткізді.
Қазіргі уақытта РИПЖҮО қызметкерлері ұзақ мерзімді жобаларға қатысады:
- Атеросклероз бойынша сарапшылық кеңес, «Атеросклероз және липидті бұзылулар бойынша медициналық көмек көрсетудің жол картасын» әзірлеу.
- ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дұрыс тамақтануды насихаттаудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан Тамақтану жөніндегі жұмыс тобы.
- 5-9 жас аралығындағы балалар арасында инсульттің алғашқы белгілері туралы білімді тарату жобасы «Fast Heroes», халықаралық жобасын жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 81 инсульт орталығы жұмыс істейді.
Неврологиялық тапшылығы бар науқастар үшін үй жағдайында күтім мен оңалтудың тәжірибелік нұсқаулары
Орталық туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Республикалық деңгейде медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету бастапқыда Қазақстан халқына «Республикалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығы» АҚ құрамындағы Республикалық медициналық авиация үйлестіруші орталығымен 2011 жылдың сәуір айынан бері көрсетілді.
Санитариялық авиация желісі бойынша шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметтерін табысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1724 қаулысымен ҚР ДСМ «Республикалық медициналық авиация орталығы» ШЖҚ РМК құрылды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 12 қаулысымен Орталық ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
Біздің миссиямыз:
Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.
Орталықтың мүмкіндігі:
Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасы тұрғындарының өлімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе кемелерін пайдаланумен жедел медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Орталықтың міндеттері:
- Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
- Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру
- Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту.
- Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру