fbpx

KZ

Басқарма Төрағасы Т.М Мұратов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 41 ж/в бұйрығымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы болып Тимур Мұратұлы Мұратов тағайындалды.

Тимур Мұратұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1977 жылы 18 сәуірде туған.

Білімі жоғары медициналық, медицина ғылымдарының кандидаты.

Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

Денсаулық сақтау жүйесінде 20 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын №6 қалалық емханада дәрігер қызметінен бастаған.  Қызмет ету кезеңінде №2 қалалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі, №2 қалалық аурухана бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Президент іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарды. 2020 жылдан 2023 жылғы шілдеге дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымыда болды.

Қазақстан урологтер қоғамының вице-президенті және «Астана қаласының эндоскопиялық урологтер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. «Үздік тиімді менеджер» номинациясы бойынша «Алтын Шипагер» сыйлығының иегері (2019 ж.).  Көп жылғы еңбегі және денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Урология» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

 

                                  Алиева Айнур Саматовна

                   Оқыту-тренингтік орталығының нұсқаушы дәрігері

Білімі:

2008 ж.

«Астана Медицина Университеті» АҚ, Нұр-Сұлтан қ. ,

Мамандығы: Жалпы медицина, Біліктілігі: жалпы практика дәрігері.

 

Instructor BLS, ACLS, PALS, PhTLS (International Resuscitation Training Center)

 

Денсаулық сақтау мамандарына қосымша білім беру саласындағы әдіснаманың негіздері

Жұмыс тәжірибесі:

2014 ж. –2016ж.

Спорттық медицина және оңалту бағытындағы спорттық дәрігер

2016 ж. – 2017ж.

Нұр-Сұлтан қаласының № 9 Қалалық емханасы ШЖҚ МКК жанындағы ЖМЖ бөлімшесінің меңгерушісі

2017 ж. - 2019 ж.

«Меди-Сервис Ассистанс групп» ЖШС медициналық бағдарламалар үйлестірушісі, Үйлестіруші- дәрігер.

2019 ж. – қазіргі уақытта (бірлесіп атқарушы)

«Kazakhstan Health Services» ЖШС жалпы практика дәрігері

2021 ж. – қазіргі уақытта

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, Оқыту-тренингтік орталығының нұсқаушы дәрігері,

 

«Медициналық авиацияны дамытудың замануи тұжырымдамалары мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2021 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және медициналық авиация қызметінің 10 жылдығына арналған «Медициналық авиацияны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды және өткізілді. Медициналық авиация саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ауқымды кездесуі онлайн форматта өтті.

Конференция барысында Қазақстан, Ресей, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Германияның шұғыл медицинасы саласындағы жетекші мамандар өз баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар сәтті тәжірибенің мысалдарымен алмасып, шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы проблемаларымен бөлісті. Науқастар мен зардап шеккендерді санитариялық-авиациялық эвакуациялау, медициналық авиация қызметін дамыту перспективалары, пандемия жағдайындағы жедел жәрдем қызметінің жұмысы, ауыр жарақат алған пациентті алып жүру, жедел медициналық көмек қызметінің жұмысына 103 автоматтандырылған басқару жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және т.б. мәселелер талқыланды.

Іс-шараның ресми демеушісі «Astana motors», сондай-ақ «Hyundai Trans Almaty» компаниясы болды.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды.

 

Тезис жинағы ЖҮКТЕУ

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар