fbpx

KZ

МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» медициналық мекемелері алыс орналасқан жағдайда халыққа шұғыл медициналық көрсету үшін, сонымен бірге науқастар мен зардап шегушілердің жағдайы талап еткен жағдайда оларды жылдам тасымалдау үшін құрылды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI кодексіне сәйкес Медициналық авиация – бұл әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК көрсетеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI кодексіне сәйкес Медициналық авиация – бұл әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК көрсетеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады.

Медициналық авиация жұмысы келесі бағыттарда жүргізілуде:

  • Пациенттерді тасымалдау;
  • Күндізгі кеңес беру;
  • Телемедициналық кеңес беру;
  • Операция жүргізу;
  • Донорлық органдарды және биоматериалдарды тасымалдау.

Біздің негізгі міндетіміз–тұрақты даму, қызметтер сапасын арттыру, сонымен бірге халықаралық стандарттарды енгізу негізінде уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Орташа медициналық авиация тәулігіне 3-тен 15-ке дейін ұшуды жүзеге асырады.Ұшулардың негізгі үлесі зақымданулар, оның ішінде ЖКО кезінде, сонымен қатар балалар жасындағы патологиясы бар жағдайлар, қан айналым жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары, акушерлік – гинекологиялық патологиялар, хирургиялық, терапиялық және басқа да аурулар кезінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда медициналық авиация мүддесінде 30 бірліктен жоғары авиакөлік түрлері пайдаланылады, бұл кеңес одағы кезінде жасалған ұшақтар мен тікұшақтармен қатар медициналық модульдермен жабдықталған батыстың авиациялық техникалық үлгілері де пайдаланылады. Медициналық авиация үшін авиа-қызметтер осы қызмет түріне лицензиясы бар авиакомпаниялармен көрсетіледі.

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұйымдастыру.
Уақтылы медициналық көмек көрсету мен қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін әрбір өңірдегі медициналық ұйымдардан медициналық авиация қызметінің үйлестіруші дәрігерлері тартылған. Қажеттілік туындаған жағдайда үйлестіруші дәрігерлер Медициналық авиация орталығының диспетчерлік қызметіне медициналық авиацияның әуе кемесінің ұшуына медициналық ұйым басшысымен алдын ала келісілген шұғыл өтінімді жолдайды.

Арнайы әуе кемелерін пайдалану арқылы медициналық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету мақсатында авиациялық қызметтерін пайдалану негіздері:

  1. жету қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (аймақтар);
  2. пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
  3. ЖМК көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;
  4. жерүсті көлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы бекітілген № 329 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 329 бұйрық) азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйымның хаты негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық, қалалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау;
  5. уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына тасымалдау;
  6. уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша оқиға орнына және кері, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдарды тасымалдауға медициналық салдармен төтенше жағдайлар кезінде білікті мамандарды жеткізу;
  7. медициналық-санитариялық салдарларды жою бойынша төтенше жағдайлар орындарына МАМБ-ны жеткізу;
  8. пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) білікті мамандарды жеткізу.

Мобильдік бригадалар
Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуді республикалық немесе облыстық маңызы бар мобильді бригадалар жүзеге асырады. Медициналық авиацияның штаттық мобильді бригадасының құрамына дәрігер мен фельдшер кіреді және пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес жинақталады. Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың медициналық ұйымдарынан, сондай-ақ білім беру және ғылым ұйымдарынан (ЖОО) білікті мамандар тартылады.

Болашаққа деген жоспар
Жедел медициналық көмек көрсетуге қол жетімдікті және уақтылылықты арттыру мақсатында біз:

  • Көліктік медицинаның халықаралық стандарттарын ендіруді;
  • Материалдық техникалық базаны жақсартуды және медициналық авиация қызметі мен жедел медициналық жәрдемнің инфра құрылымын дамытуды;
  • Медициналық қызметкерлерді жедел медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқытуды және біліктіліктерін арттыруды;
  • Телемедициналық технологияларды және смарт-медицинаны дамытуды
  • жоспарладық.

ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы бойынша ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келу ұмтылысына сәйкес Біріккен халықаралық комиссиямен (Joint Commission International, JCI) аккредиттеуден өту жоспарланған.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ТМД елдеріндегі алғашқы медициналық-көліктік ұйым - JCI аккредитацияланған біріккен Халықаралық комиссия болу мақсатын анықтайды.

JCI аккредитациясы пациенттер үшін мынадай артықшылықтарды береді:

  • Халықаралық деңгейде танылған, ең қатаң әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмектің сапасы. Әлемнің ірі сақтандыру компаниялары өз клиенттеріне JCI аккредитацияланған ұйымдарға баруға кеңес береді.
  • Сапаны қатаң бақылау: медициналық көмектің сапа менеджменті жүйесін тексеруді JCI сарапшылары аккредиттелген клиникаларда әр үш жыл сайын жүргізеді, стандарттар үнемі жетілдіріледі және медициналық мекемеге үнемі жаңартуларды қадағалауға және енгізуге ынталандыра отырып, күрделенеді.
  • JCI аккредиттелген ұйымдарда барлық үдерістер бірінші кезекте пациенттердің мүдделері мен қауіпсіздігі қатысты ұйымдастырылады.
  • JCI стандарттарын әзірлеу кезінде әлемнің жетекші клиникаларының тәжірибесі жинақталып, пациент медициналық көмектің үздік сапасын, сенімділік пен кепілдіктерді алады.
  • Медициналық қызметкерлерді көп кезеңді іріктеу, дәрігерлердің біліктілігін үнемі тексереді және арттырады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық авиакөлікті пайдалану арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін білікті мамандарды пациенттің орналасқан жеріне жеткізуді не оны тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды жүзеге асырады.

Пациенттерді тасымалдау өңірлерден оларға жоғары білікті көмек көрсететін республикалық немесе облыс орталықтарына жүзеге асырылады. Бұл жағдайда пациенттерге медициналық авиацияның мобильді бригадалары ұшып шығады, пациенттердің жай-күйін бағалайды және оны медициналық ұйымдарға тасымалдайды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы облыстардың медициналық авиация бөлімшелерінің өтінімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тәулік бойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын мобильді бригадаларды жасақтайды.

Шұғыл жағдайларда медициналық авиацияны шақыруды оқиға орнынан зардап шеккен немесе куәгерлер, медицина қызметкерлері Төтенше жағдайлар «112» қызметіне, «103» қызметіне немесе арнайы құрылған медициналық авиацияның диспетчерлік қызметіне телефон байланысының кез келген түрі бойынша қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар мобильді бригада уәкілетті органның өтінімі бойынша уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды тасымалдауды жүзеге асырады. Әуе кемелерін медициналықавиация желісі бойынша пайдалану бағыттардың қиындығына қарамастан оған мұқтаж адамдардың әрқайсысына жедел және сапалы медициналық көмек көрсету үшін мүмкіндік береді, ал мұндай ұшуларды ұйымдастырудың жоғары деңгейі және жоғары технологиялық қазіргі заманауи медициналық жабдықтармен жасақталуы пациенттерді тасымалдауды неғұрлым ыңғайлы, қауіпсіз және барынша жылдам етеді.

КЕҢЕС БЕРУ

Пациенттерді тасымалдаумен, операциялар жүргізумен, донорлық органдар мен биоматериалдарды тасымалдаумен қатар, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медицина қызметкерлері пациенттерге сол жерде кеңес беру үшін ұшуларды жүзеге асырады.

Республикалық деңгейдегі консультациялық-диагностикалық көмек жоғары біліктілікті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсетумен объективті қиындықтарға негізделген және көп жағдайларда пациенттің өмірін уақытында құтқару мәселелерін шешеді.

ОПЕРАЦИЯ

Егер пациент тасымалдауға жарамсыз, ауыр халде, өңірлік дәрігерлер қажетті әдістемелерді немесе біліктілікті білмесе, пациенттің орналасқан жерінде операциялар жүргізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жоғары білікті мамандардың ұшулары жүзеге асырылады.

ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

Телемедициналық консультациялар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының білікті маман(дар)ын тарта отырып білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тактикасын және медициналық авиация нысанында медициналық қызметтердің көрсетілімдерін айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілерімен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдармен ұйымдастырылады.

ДОНОРЛЫҚ ОРГАНДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Медициналық авиациядағы жаңа бағыт – донорлық органдарды тасымалдау белсенді дамуда. Донорлық органдарды ауыстыру жоғары технологиялық процесс, оның табыстылығы көптеген факторларға, оның ішінде тасымалдаудың жеделдігіне байланысты.

Тасымалдау процесін бастау үшін көзі тірісінде ақпараттандырылған келісімнің болуын немесе органдарды алуға келіспейтіндігін тексеру үшін "Транспланттау бойынша республикалық үйлестіру орталығының" өңірлік үйлестірушісіне жіберілетін мидың өлімін анықтау туралы қорытынды алынуы қажет.
Мұндай келісім болмаған немесе келіспеген жағдайда ол жақын туыстарынан және өзге де заңды өкілдерінен сұралады.

Қайтыс болған адамды актуалдық донор деп танығаннан кейін медициналық ұйым (донорлық стационар) органдарды алу сәтіне дейін қайтыс болған адам органдарының өмірлік маңызды функцияларын қолдау жөніндегі барлық қажетті шараларды жүргізеді.

Алынғаннын кейін органдар мамандандырылған контейнерде медициналық авиацияның әуе кемесіне тиеледі және жаңа иесіне қайта қондырылатын медициналық ұйымға тасымалданады.

FaLang translation system by Faboba