fbpx

KZ

22 тамызда жедел медициналық жәрдем бригадасы тобық маңының ауруына және жарақаттың болуына шағымданумен 15 жастағы жасөспірімді Алакөл орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Қарап-тексеруден кейін хирургиялық бөлімге емдеуге жатқызылды.

Жарақат мотоциклден құлау салдарынан болған. Пациенттің жай-күйі алған жарақат пен шокқа байланысты ауыр. Жігітке тобық сүйектерінің бірнеше жерден сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды.

Аяқтың күрделі сынуын, пациенттің жасын ескере отырып, аудандық ауруханада травматологтың болмауына байланысты шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациентті облыстық медициналық мекемеге ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы 24 тамызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен тұрақты ауыр жай-күйдегі пациент Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға екі доңғалақты көлік сатып аларда, олардың салдары туралы ойланыңыз. Велосипед, скутер немесе мопед болсын, көлік құралы – бұл жоғары қауіпті құрал. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар  жолда кездесетін қауіпті бағаламайды. Ата-аналар балаларын ықтимал қайғылы жағдайлардан сақтандыруы қажет.

Сондықтан, барлық жағымсыз салдардың алдын алу үшін: балалардың жарақаттануы мен мүмкін болатын мүгедектігін болдырмау үшін ересектер балаларына қандай да бір мотокөлік құралын сатып алмас бұрын ойлануы керек.

Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың қауіпсіздігі ең алдымен сізге байланысты!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар