fbpx

KZ

Домбыраның құлағында ойнаған хас шебер Құрманғазы Сағырбайұлы бір жарым ғасыр бұрын өмір сүріп, түрлі туындыларын жарыққа шығарған. Оның асыл мұрасы бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Қазақ халқының шығармашылығында композитор күйлерінің орны бөлек. Қазақ даласынан әуелеген Құрманғазының тамаша туындылары әлемдегі классикалық музыка жанкүйерлерінің жүрегіне жол тапты. Құрманғазы күйлері арқылы қазақ даласының әсемдігі мен кеңдігін жеткізе білді. Оның «Сарыарқа», «Серпер», «Ақсақ киік», «Қызыл қайын», «Төремұрат», «Байжұма» және басқа да күйлері танымал. Күйші шығармаларында халқының мұң-мұқтажы мен бастан кешкен қиыншылықтары көрініс тапқан. Зерттеуші және этнограф А.В. Затаевич Құрманғазыны қазақ халық музыкасының симфониялық жолын ашқан деп есептеген. Бүгінде атақты күйшінің есімі Қазақстанның байырғы музыкалық ұжымдарының бірі – Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне берілген. Биыл Құрманғазының туғанына 203 жыл толады. Осы датаға орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы көрнекті қазақ композиторының шығармашылығына арналған бейнеролик дайындады.

                                                                 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар