fbpx

KZ

2021 жылғы 31 қазанда Бейнеу орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 1964 жылы туған ер адам, кеудесінің қысылу сипатындағы ауырсыну, суық тер, ауа жетіспеуі туралы шағымдарымен келіп түсті. Шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Қарап-тексеру мен зерттеп-тексеруден кейін ер адамға « жіті миокард инфаркті» диагнозы қойылды.

2021 жылғы 1 қарашада пациент реаниматологтің, кардиологтің алып жүруімен медициналық авиация күшімен тері арқылы коронарлық араласуды шұғыл жүргізу және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық көп бейінді ауруханаға жеткізілді.

Инфаркт кезінде болжам әрдайым маңызды және зардап шеккен миокардтың көлеміне, некротикалық фокустың локализациясына, пациенттің жасына, қосалқы ауруларға, уақтылы емделуге, асқынулардың болуына және т.б. байланысты.

Жіті кезеңнен өткеннен кейін пациенттерге жүктеме деңгейінің біртіндеп жоғарылауымен оңалту көрсетіледі. Алдағы уақытта медициналық байқау, антиангинальды препараттарды профилактикалық қабылдау қажет.

Инфаркттің алдын-алуға  жаман әдеттерден бас тарту, артық салмақпен күресу, дұрыс тамақтану, еңбек ету және демалу режимі, кеудедегі ауырсыну пайда болған кезде уақтылы емдеу жатады.

 

 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар