fbpx

KZ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының саясатындағы негізгі бағыт болып табылады. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өзінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді өзі немесе делдалдар арқылы өзі немесе үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе жымқыру, сол сияқты осы адамдарды игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы сатып алу.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды рөлі бар. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, соның нәтижесінде қоғамның мүдделерін бұзу және мемлекеттік биліктің беделін төмендету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар: 1) заңдылық; 2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы; 3) жариялылық пен ашықтық; 4) мемлекет және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; 5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; 6) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу; 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз тарапынан Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҰШМҮО) өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі сияқты осы мәселені реттейтін заңнама нормаларына сүйенеді. Ұйымның құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу және жол бермеу бөлігінде ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ «ҰШМҮО» ШЖҚ РМК-да барлық қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен жұмыс істейді және орындалуын сақтайды. Сондай-ақ, «ҰШМҮО» ШЖҚ РМК-ның 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуда.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар