fbpx

KZ

2019 жылға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық көмек көрсету үшін 2369 ұшу орындады: Нұр-Сұлтан қаласынан – 20%, Алматы қаласынан – 8% және өңірлерде – 72% ұшу орынлады.

Санитариялық авиацияның аймақтық ұшуларының бірі Ақтөбе облысының Шалқар қаласынан жүкті әйелді шұғыл тасымалдау үшін орындалды. Шалқар аудандық орталық ауруханасына 2020 жылдың 21 ақпанында жедел жәрдем көлігі арқылы денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған 1995 жылы туылған жүкті әйел жүктіліктің 40-аптасында емдеуге жатқызылды. Тексеру нәтижесінде ауыр дәрежелі преэклампсия диагнозы қойылған. Пациенттің бұл жағдайы тек болашақ ана үшін ғана емес, ұрық үшін де денсаулық пен өмір үшін асқынулардың жоғары қаупі болып табылады. Медициналық мамандар дереу емдеуді бастады, сондай-ақ одан әрі емдеу тактикасын анықтау үшін дәрігерлердің консилиумы өткізді. Жүкті әйелдің жай-күйінің ауырлығын, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу қажеттігін, облыс орталығынан қашықтықты және жол жабынының нашар жағдайын ескере отырып, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын тарту туралы шешім қабылданды.

Осылайша, сол күні пациент санитариялық авиация желісі бойынша әуе кемесінде Ақтөбе қаласының Облыстық перинаталдық орталығына қарап-тексеру және емдеу үшін сәтті тасымалданды. Тасымалдау кезінде пациент санитариялық авиация мобильдік бригадасының, акушер-гинекологтың және реаниматологтың үздіксіз бақылауында болды.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар