fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар мен қайта құрулар жүргізілді, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен (ҰШМҮО) бірлесіп, үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес халыққа жедел медициналық көмек қызметін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жедел медициналық жәрдем ұйымдарының қызметін үйлестіру функциясы бекітілген.

Бүгінгі күні республиканың жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 102 қалалық қосалқы станциядан және 259 аудандық бөлімшеден тұрады.

Облыстық және қалалық ЖМЖ станцияларында бір ауысымда 1470 көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның ішінде 307 (21%) мамандандырылған (дәрігерлік) және 1163 (79%) фельдшерлік.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қалалық бөлімшелерде 900 бригада және аудандық бөлімшелерде 570 бригада жұмыс істейді. Көшпелі бригадалармен жасақталу 76,8 %-ды құрайды. Қажеттілік 445 бригаданы құрайды. Жедел медициналық жәрдем станцияларының бригадаларымен жасақталудың төмен пайызы Нұр-Сұлтан қаласында (54,3%), Солтүстік Қазақстан облысында (57,2%), Ақтөбе облысында (58,3%) және Батыс Қазақстан облысында (59,2%) байқалады.

Республика бойынша МСАК ұйымы жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 4-жеделділік санатындағы шақыруларға қызмет көрсету үшін 548 бригада және жіті респираторлық ауру белгілері бар, COVID-19 пневмонияға күдігі бар немесе ауыратын шақыруларға қызмет көрсету үшін 3207 мобильдік бригада жұмыс істейді.

2020 жылы ЖМЖ қызметінің дәрігерлік кадрлармен жасақталуы 80,9 %-ды құрады. Дәрігерлер санатының пайызы артып, 64,3% - ды құрады. Сондай-ақ, орта медициналық персоналдың санаты артып, 46,8% - ды құрады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және 13 облыста шақыруларды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жарақтандыру деңгейі 100% - ды құрайды. Барлық өңірлердегі шақыруларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ҰШМҮО ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бүгінгі күні 2542 бірлік санитариялық көлік бар, оның ішінде 1664 бірлік қалада және 878 бірлік ауылда. Барлығы 603 реанимобиль, бұл санитариялық көлік бірліктерінің барлық санының 23,7% - ын құрайды, оның ішінде 455 реанимобиль қалада және 148 реанимобиль аудандық ЖМЖ бөлімшелерінде.

2020 жылы санитариялық көліктің тозуы жаңадан сатып алынған санитарлық көлік есебінен 24% - ға азайды және 32% - ды (2019 ж. 12 ай - 56%) құрайды. Жол картасы аясында 2020 жылы жедел медициналық жәрдем қызметі «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржы лизингі тетігі арқылы отандық өндірістің 1167 санитариялық автокөлігімен жабдықталды.

Медициналық жабдықтармен жарақтандырылу 2020 жылы 94%-ды құрады. Аудандық ЖМЖ бөлімшелерінде медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 92% - ды құрады.

2020 жылы шақырулар саны 12,7% - ға азайды және 7 171 707 құрады. 1 000 тұрғынға шаққанда шақыртулар 374,6 құрады.

2020 жылдың 12 айында сәтті реанимация көрсеткішінің жақсарғаны байқалады, ол 43% - ды құрайды.

Емдеуге жатқызуға дейінгі өлімнің Ақмола облысында (0,08% - ға) және Қарағанды облысында (0,03% - ға) төмендеуі орын алды.

2020 жыл бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс жоспарларына маңызды түзетулер енгізілді. Жаңа коронавирустық инфекциямен күресуден басқа, медицина қызметкерлері күн сайын ел тұрғындарының өмірін сақтап, жоспарлы жұмыспен айналысуды жалғастырды. Жедел медициналық көмек республика азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтау айтарлықтай дәрежеде оның жұмысының тиімділігіне байланысты денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буыны болды және болып қала береді.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы