fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) медициналық мекемелердің шалғай орналасуы жағдайында халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пациенттерді шалғай аудандардан республикалық және облыстық клиникаларға жылдам тасымалдау үшін құрылды.

2020 жылы ҰШМҮО мамандары 2185 ұшуды орындады, 3833 пациентке, оның ішінде: патологиясы бар балаларға 982 (26%), жарақаттары, жазатайым оқиғалары және уланулары бар пациенттерге 584 (15%), акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша пациенттерге 571 (15%), қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге 493 (13%), жаңа туған пациенттерге 392 (10%), басқа аурулары бар пациенттерге 811 (21%) медициналық көмек көрсетті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 4637 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 2450 (53%) пациент тасымалданды, 266 (6%) консультация, 165 (3%) операция жүргізілді, 1756 (38%) қашықтықтан медициналық қызмет (ҚМҚ) ұйымдастырылды. Донорлық ағзаларды алу және тасымалдау үшін мамандардың 2 ұшуы жүзеге асырылды.

Республика шегіндегі медициналық авиация рейстерінен басқа, шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды халықаралық тасымалдау жүзеге асырылады. 2020 жылы медициналық авиация шетелдік клиникалардан отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 13 азаматын тасымалдады.

Мәселен, 2020 жылғы 25 желтоқсанда Ресей Федерациясы Омбы қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасының қарқынды терапия бөлімшесінде ауыр халде жатқан 2020 жылы туған кішкентай пациентті Нұр-Сұлтан қаласына тасымалдау үшін медициналық авиация желісі бойынша ұшу жүзеге асырылды. Балаға оның қысқа мерзімді өмірінде бірнеше операция жасалды және ол Омбы қаласының медициналық мекемесінде болған кезде асқынулар пайда болып, жай-күйі нашарлады. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінгеннен кейін Ұлттық шұғыл медицинаның үйлестіру орталығымен бірлесіп ұшу ұйымдастырылды және пациентті одан әрі емдеу және оңалту үшін Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына сәтті тасымалдады.

Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласындағы біліктілігін арттыруға ҰШМҮО оқыту-тренингтік орталығы үлкен үлес қосуда. Сертификатталған нұсқаушылар «BLS, ACLS, РНТLS, РLS» бағдарламасы бойынша – 898 тыңдаушыға, , «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу» бағдарламасы бойынша 443 тыңдаушыға оқыту жүргізді. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде акушерліктегі шұғыл жағдайлар бойынша – 63, ADS (жедел медициналық жәрдемдегі диспетчерлік қызмет) – 5, алғашқы көмек (First aid) – 1, кешенді семинар-тренинг (BLS, ACLS, PHTLS, PALS) – 222, ұшу физиологиясы және пациенттерді тасымалдау – 84 шеберлік кластары өткізілді.

Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуал орталығы тәулік бойы белсенді жұмыс жүргізеді, оның мамандары құрамына білікті бейінді мамандар (реаниматологтар, акушер-гинекологтар, инфекционистер, пульмонологтар, кардиологтар, нефрологтар және т. б.) кірген сараптамалық топпен бірлесіп, медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін тұрақты негізде анестезиология реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан ауыр халдегі пациенттер мен пневмонияның ауыр түрімен ауыратын пациенттерге тәулік бойы мониторинг және талдау жүргізеді. Құрылған сәттен бастап және 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ахуал орталығы ауыр халдегі пациенттерге 33 040 қашықтан медициналық қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, ҰШМҮО базасында Ахуал орталығы жанынан Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды мониторингілеу және талдау жөніндегі жедел штаб құрылды, оның жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

ҰШМҮО 2020 жылы Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес аккредиттеу рәсімінен өткенін айта кету керек. ҰШМҮО сыртқы кешенді бағалау нәтижелері бойынша І біліктілік санаты расталды. Сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) берген оқыту-тренингтік орталығының институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі алынды. Өткен аккредиттеу рәсімдері ҰШМҮО-ның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, пациенттердің жоғары сапа мен қауіпсіздік қызметтерін алу құқығын іске асырады, сондай-ақ халықтың жоғары сенімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы