fbpx
103

Ғылым және білім
2026 жылғы 27-29 тамыз аралығында Тараз қаласында, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының аумағында халықаралық қатысумен жедел медициналық жәрдем бригадаларының II Республикалық чемпионаты өтті. Чемпионатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Чемпионатқа барлығы 27 команда қатысты. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 команда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының командалары болды. Халықаралық қатысуды Беларусь, Өзбекстан Республикасының Самарқанд және Нүкіс қалаларынан, Әзербайжан мен Қырғызстаннан келген командалар қамтамасыз етті. Сайыс барысында қатысушылар ресми нұсқамадан өтіп, жедел медициналық жәрдем қызметінің санитариялық автокөліктерімен және медициналық жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар командалар жедел медициналық жәрдем деңгейіндегі триаж бойынша ұйымдастырылған клиникалық станцияларда өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті. Үш күн бойы қатысушылар шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі теориялық білімін, практикалық дағдыларын, командалық үйлесімділігі мен жедел әрекет ету қабілетін паш етті. Чемпионат барысында мамандар күрделі клиникалық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, пациентке уақтылы және сапалы көмек көрсету, сондай-ақ командалық жұмыс дағдылары бойынша өзара тәжірибе алмасты. 29 тамызда чемпионаттың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің дәрігерлеріміз



Жаналықтар

Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы