Масканы дұрыс тағу ережесі: 1. Масканы тақпас бұрын, қолыңызды спирт, антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз; 2. Масканың металды қысқышын немесе қалың жерің жоғары қаратып тағыңыз; 3. Әдетте масканың сыртқы жағы қанық түсті болады. Ал сіз боялмаған бетін ішке қаратып тағыңыз; 4. Масканың металды қысқышын мұрынның формасына ыңғайлаңыз; 5. Маска мұрын, ауыз, иекті жауып тұруы тиіс; 6. Маскаңыз мұрын мен ауызды толық жауып тұрсын, бет пен масканың арасында орын қалмасын; 7. Масканы қолмен ұстамаңыз. Ұстайтын болсаңыз, қолыңызды тазалап сүртіңіз немесе жуыңыз; 8. Маскаңыз сулана бастаса, дереу ауыстырыңыз; 9. Бір реттік масканы қайта тақпаңыз; 10.Масканы шешкенде артындағы резеңкесінен (масканың алдында бөлігін ұстамай) ұстап, бірден қоқысқа лақтырыңыз. Кейін қолыңызды сүртіңіз.
Медицина қызметкері күні құтты болсын!
Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы адал ең...
Читать далее








