Бүгін 2025 жылдың 26 маусымында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарымен ғылыми және профилактикалық бағытта жұмыс жүргізді.
Кардиоторакалды хирургия және кардиология департаментінің басшысы Жакиев Талғат Базылбекұлы және травматолог дәрігер Солод Алексей Евгеньевич №13 және №9 қалалық емханаларға барып, медициналық қызметкерлермен кездесулер өткізді. Кездесу барысында клиникалық практика, профилактика және пациенттерді маршрутизациялау мәселелері талқыланды.
Іс-сапардың негізгі мақсаты — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды күшейту және кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу арқылы БМСК ұйымдарының әлеуетін дамыту.
Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің барлық деңгейлері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ықпал етеді.