fbpx

KZ

2025 жылғы 29 мамырда Жезқазған қалалық көпсалалы ауруханасынан 2000 жылы туған пациент ауыр жағдайда көптеген жарақаттар, жаралармен және термиялық күйіктермен  шұғыл түрде ҰШМҮО ауруханасына жеткізілді.

Тасымалдау арнайы жабдықталған Pilatus PC-12 әуе кемесімен жүзеге асырылды. Медициналық эвакуацияны медициналық авиацияның мобильдік бригадасы дәрігер А. Оспанов пен фельдшер И. Сейітова жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етті.

Медициналық бригада мен әуе экипажының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында пациент уақытылы ҰШМҮО ауруханасына жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті жоғары білікті медициналық көмек көрсетілуде.

Пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!

 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар