fbpx

KZ

Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Сегізінші кеңесіне Қазақстан тарапынан «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бастап барды.

Кеңес аясында қатысушылар шұғыл медицинаның дамуы, медициналық көмекті жетілдіру, денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ дәстүрлі медицинаны ілгерілету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар Сиань университетінің Цзяотун бірінші ауруханасы жанындағы Құрлықтық порттың Халықаралық ауруханасы кампусын аралап, медициналық қызметтің ұйымдастыру жүйесі және  инфрақұрылымдары,  көмек көрсетудегі инновациялық тәсілдерімен танысты.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар