24 сәуірде 1952 жылы туған пациент «Жүрек ақауы, митральды клапанның жетіспеушілігі, С сатысы, 3-ші дәрежелі регургитация» диагнозымен Ақтөбе қаласынан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына әуе кемесімен шұғыл эвакуацияланды.
Медициналық эвакуацияны ҰШМҮО медициналық авиацияның мобильдік бригадасы дәрігер Жолдыбалин Саябек және фельдшер Райова Гүлден жүзеге асырды.
Медициналық авиация мобильдік бригадасының жоғары кәсібилігі мен тәжірибесінің, сондай-ақ ұшқыштардың білікті жұмысының арқасында науқас дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, білікті дәрігерлердің қарауына берілді.