Тұсаукесерге ҚР ДСМ МКҰД директорының міндетін атқарушы – Е. С. Мирзакулов, сондай – ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері, келесі құрамда: Орлдери Линда – Бас директордың бірінші орынбасары, Арайлым Қалиева – көмекші, Игорь Евгеньевич Петяшин – ұшуды пайдалану департаментінің директоры, Сүлейменов Төлеубек – қауіпті жүктер жөніндегі басқарманың аға авиациялық инспекторы, Қанат Жүсіпов – аса жеңіл әуе кемелері басқармасының басшысы қатысты.
Презентация барысында ұшақтардың интерьерлері, ұшу-техникалық және интерьерлік сипаттамалары бойынша үлестірме материалдар көрсетілді. Сондай - ақ, ұшақ салонының конфигурациясын мамандандырылған медициналық әуе кемесінің нұсқасына (FWAA-Fixed Wing Air ambulance) қайта жабдықтау мүмкіндігі бойынша мәселе қаралды.
Осыдан кейін ҰШМҮО өкілдері 50 минутты құрайтын Pilatus PC-24 ұшағымен тесттен өткізу ұшуына қатысты.