fbpx

KZ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және “ҚР Жедел медициналық жәрдем Қауымдастығы” ЗТБ бірлесіп, облыстық Түркістан жедел медициналық жәрдем базасында облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының бас дәрігерлері мен өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының қатысуымен көшпелі кеңесін өткізді.

Кеңесте жедел медициналық жәрдем қызметінің (бұдан әрі - ЖМЖ)өзекті мәселелері талқыланды:
- ЖМЖ қызмет жұмысын реттейтін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу;
- ЖМЖ деңгейіне шақыртулардың жеделдігінің 4 санатын берудің орындылығы;
- ЖМЖ қызметінің инфрақұрылымының жай-күйі, оның ішінде санитарлық автокөліктің жоғары тозуы;
- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы.
Сондай-ақ, кеңес барысында Түркістан және Ұлытау облыстарының ЖМЖ станцияларының бас дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, ЖМЖ қызметкерлерін шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сай оқытудың ағымдағы көрсеткіштері туралы ҰШМҮО 103 үйлестіру бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды.

Қорытындылай келе, шешімдер қабылданып, «ҚР Жедел медициналық көмек қауымдастығы» ЗТБ-ның одан әрі өзара іс-қимылы мен дамуы туралы ұсыныстар берілді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар