fbpx
103

НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Бүгінгі таңда елімізде жол-көлік апаты жарақаттанудың негізгі түрі болып табылады. Жол - көлік оқиғасында адамдар жеңіл және жеңілден өте ауырға дейінгі әртүрлі жарақат түрлерін алады.

Жыл сайын автокөлік саны артып келеді, алайда жол-көлік оқиғаларының көпшілігі көліктердің дұрыс жұмыс істемеуінен емес, жол қозғалысын игеруші-жүргізушілердің кінәсінен болады.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 2023 жылғы 6 айда 391 жарақат алған пациентке 252 ұшуды жүзеге асырды, оның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккен пациенттерге 99 ұшуды орындады.

Бұл сандардың артында қазақстандықтардың өмірі тұр. Ахуал орталығының күшімен бейінді мамандарды тарта отырып, 88 пациентке қосымша телемедициналық консультация өткізілді.

Статистикаға сәйкес 2023 жылдың 6 айында жарақат алған пациенттердің ең көп үлесі Абай, Жамбыл және Ақтөбе облыстарына тиесілі.

Мәселен, Абай облысы зардап шеккендер мен жарақат алғандар саны бойынша, оның ішінде ЖКО салдарынан бірінші орында тұр.

Тек бірінші жартыжылдықта 69 пациент, оның ішінде 9-ы жол-көлік оқиғалары салдарынан медициналық авиация бортымен өңірлік және республикалық клиникаларға тасымалданды. ( 2022 жылы – 38 пациент, оның 5-і ЖКО салдарынан).

Жер үсті санитариялық көлігі жарақат алған 11 пациентке барды, оның 4 жағдайында жол-көлік оқиғасы болды.

Жамбыл облысында 53 пациент жарақат алған, оның 13-і жол-көлік оқиғаларынан зардап шекті. Өткен жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда аз болды – 34 адам жарақат алды, оның 18-і апаттан зардап шекті. Жерүсті санитариялық көлігімен 148 шақыртуға қызмет көрсетілді, оның ішінде 69 адам – ЖКО-дан зардап шеккендер.

Ақтөбе облысы антилидерлердің соңғы үштігін иеленді, онда 24 адам жарақат алды, оның 6 – ы ЖКО салдарынан. (2022 жылы – 22 адам, оның 9-ы ЖКО-дан зардап шеккендер). Жерүсті санитариялық көлігімен 35 шақыруға қызмет көрсетілді, оның 19-ы ЖКО-дан зардап шеккен пациенттер.

Көптеген апаттар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты  екенін айта кету керек. Негізгі себептерге агрессивті маневр жасау және басып озу, жылдамдық режимін бұзу, қарсы жолаққа шығу жатады.

Соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының қатысушылары мен құрбандары болып табылатын балалар мен жасөспірімдер санының өсу үрдісі байқалуда. Сондықтан балалардың жол-көлік жарақаты мәселесі әлі де өзектілігін сақтауда.

Ерте жастан бастап балаларды жол қозғалысы ережелеріне саналы және құрметпен қарауға үйрету керек, бұл әр адамның мінез – құлқының нормасы ғана емес, сонымен қатар денсаулықты сақтайтын, қазіргі адамның қауіпсіз өмір сүруінің ерекше стилі болуы қажет. Жол қозғалысы ережелерін зерделеу, үнемі қайталау балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік жарақатын болдырмаудың жетекші факторы болып табылады.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызға мопед, скутер, мотоциклдер сатып алғанда, олардың салдары туралы ойланыңыз.

Кәмелет жасқа толмаған бала автокөлік құралын басқаратын болса өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді! Мұндай әрекеттерге жол бермеңіз.

Егер сіз балаңызды бақылап, оған қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіз, көптеген жарақаттар алудың және олардың салдарының плдын аласыз.

Ал жолдардың сапасы жол апатында маңызды рөл атқарады.

Біздің орталықтың статистикасы бойынша Самара-Шымкент, Алматы - Тараз, Тараз-Қаратау, М-38  автожолдары көптеген жол апаты орын алады.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлық жүргізушілерді белгілі бір қозғалыс жағдайларына сәйкес жылдамдықты таңдауға, маневр жасау кезінде мұқият болуға, әрқашан қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады.

Құрметті оқырмандар!

Жол ережелерін сақтаңыз!

Жолда абай болыңыз! Өзіңізді және өміріңізді қорғаңыз!

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы