Медициналық авиацияның өңірлік мобильдік бригадасы 2022 жылдың 21 ақпанында 1968 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Тараз – Қордай - Тараз бағыты бойынша ұшып шықты.
Пациент 15 ақпанда ауыр халде жедел медициналық жәрдем бригадасымен Жамбыл облысы Қордай аудандық орталық ауруханасына көптеген жарақаттармен жол - көлік оқиғасы болған жерден жеткізілді.
Қабылдау бөлімінде медициналық мамандармен қарап-тексеріліп, шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
2022 жылғы 21 ақпанда алған жарақатының салдарынан жай-күйінің ауырлығына, бейінді маман-травматологтің болмауына байланысты ер адам мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасына ұшақпен тасымалданды.