2025 жылғы 16–17 мамыр күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында шұғыл медициналық жәрдем қызметкерлерінің Халықаралық бірінші Республикалық съезі өтті.
Іс-шара «Жедел медициналық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп, түрлі елдерден жетекші мамандарды, сарапшыларды және салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Съездің мақсаты — озық тәжірибе алмасу, негізгі сын-қатерлерді талқылау және шұғыл медициналық көмек саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
ҰШМҮО атынан съезге шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалұлы қатысты.