fbpx

KZ

Түркия Республикасындағы Қазақстан Республикасының азаматы 2022 жылғы 10 шілдеде мерзімінен бұрын 25 апта жүктілік мерзімінде босануы басталған. Кесарь тілігі арқылы дене салмағы өте төмен – 820 грамм ұл бала дүниеге келді. Баланың туылған кездегі жалпы жай-күйі тыныс алу бұзылыстары мен жетілмегендігі аясында өте ауыр.

Түркия дәрігерлері нәрестені екі ай бойы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінде күтіп қараған.  Қарап-тексеру кезінде баланың туа біткен жүрек ақауы анықталды.

Баланың анасының Түркия Республикасында жатқан ҚР азаматы - ұлын әуетасымалдауға жәрдем көрсету туралы келіп түскен сұранымы негізінде белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

9 қазанда дәрігерлердің алып жүруімен кішкентай пациент алғашқы және өміріндегі өте маңызды ұшақ рейсін жасады. Бала Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді, онда оның денсаулығы үшін білікті дәрігерлер барын салып күреседі.

Тасымалдауға ҚР Стамбулдағы Бас елшілігі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсетті.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар