Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Іс қағаздарын жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімі «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқауына қатысты.
Біздің орталық республиканың 40 медициналық ұйымдарының арасынан оза шауып, «Үздік медициналық ұйым» аталымында 1-орынды иеленді.
Іс қағаздарын жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімінің бас маманы Зұлхайдарқызы Нұрсәуле «Үздік оқытушы» аталымында төсбелгі мен 3-дәрежелі дипломға ие болды.
Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен: Іс қағаздарын жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімінің бас маманы – Бақтиярова Меруерт Оралқызы, медициналық блоктың меңгерушісі – Ырымбаева Назигүл Жарасқызы марапатталды.
Мемлекеттік тіл – елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізі, сондықтан әрбір қазақстандықтың міндеті – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда бірлесіп жұмыс істеу.