fbpx

KZ

 

24 ақпанда кішкентай пациент бас айналу, атаксиялық жүріс, әлсіздік және сылбырлық шағымдарымен Шығыс қазақстан облысы Үржар ауданы № 2 аудандық ауруханасының балалар бөлімшесінің стационарына ауыр халде келіп түсті.  Эпидемиологиялық анамнезден баланың 18 ақпаннан бастап желшешекпен ауыратыны белгілі болды.

Қабылдау бөлімшесінде медицина мамандарымен қарап-тексерілді, бүкіл денеге шамадан тыс бөртпелер шыққаны байқалады. Жалпы жай-күйі интоксикация және атаксиялық синдромның салдарынан ауыр, балаға желшешек энцефалиті диагнозы қойылған.

 Семей қаласының бас балалар невропатологімен консилиум, онлайн-консультация өткізілді.

Баланың жасын, аудандық ауруханада балалар инфекционист дәрігерінің жоқтығын ескере отырып, 2022 жылғы 25 ақпанда қыз бала одан әрі толық тексеру және емдеу үшін Семей қаласының Балалар инфекциялық ауруханасына ұшақпен шұғыл жеткізілді.  

Халықтың көп бөлігі желшешекті жас балаларда кездесетін зиянсыз ауру, ол оңай және асқынусыз жүреді деп санайтынын айта кету керек. Негізінде олай емес. Желшешектің күрделі асқынуларының бірі – ми тінінің зақымдануына (энцефалит) алып келеді. Кейбір жағдайларда өлім қаупі бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын 4,2 миллион адам желшешектің асқынуына байланысты ауруханаға емдеуге жатқызуды қажет етеді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар