fbpx

KZ

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Оның нәтижесінде халықтың қолдауына ие болған Н.Ә. Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Біз бастан өткеріп отырған осындай ғаламат тарихи өзгерістердің куәлары және қатысушылары болу кез келген ұрпақтың үлесіне тие бермейді. Бізді біріктіріп, алға жетелейтін идея – еркін демократиялы егемен мемлекет құру. Мың жылдық қазақ тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлаған республика азаматтары желтоқсанның 1-і күні, тегінде, сол идея үшін дауыс берген болатын». Бүгінде тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым. Өйткені егемен Қазақстанның басты жетістіктері – оның ұлт көшбасшысы ретіндегі қызметінің нәтижесі. Елбасының мемлекеттік саясатының басты әрі даусыз жетістіктеріне нарықтық экономикасы және тұрақты саяси жүйесі бар қазіргі заманғы мемлекеттің құрылысын, шекараны халықаралық-құқықтық рәсімдеуді, этносаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделін құруды, ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» даму стратегияларын әзірлеу мен іске асыруды жатқызуға болады. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласында: «Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға! Елбасымыз әлемнің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биікке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшесіне айналды», – деп атап өткен болатын. Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбегіне құрмет ретінде 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке болып бекітілді. Бірінші бүкілхалықтық Президент сайлауының 30 жылдығы мерекелік датасына орай Елбасының кітапханасы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған бейнеролик дайындады.

                                                                 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар