fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

                

2021 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және медициналық авиация қызметінің 10 жылдығына арналған «Медициналық авиацияны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды және өткізілді. Медициналық авиация саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ауқымды кездесуі онлайн форматта өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева құттықтау сөзін сөйледі. Іс-шараны ашқан спикер өз сөзінде Медициналық авиация денсаулық сақтау ұйымының ерекше, әлеуметтік бағдарланған түрі болып табылатынын, оның жұмыс тиімділігіне халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау айтарлықтай тәуелді екенін атап өтті. 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі 10 жылдық кезеңде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 18014 ұшуды орындады. 25107 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: 17159 (68%) пациент медициналық ұйымдарға тасымалданды, 4010 (16%) консультация, 2560 (10%) қашықтықтан медициналық қызметтер және 1378 (6%) операция жүргізілді. Медициналық мамандар қызметінің барлық кезеңінде - 23414 пациентке, оның ішінде: балалар жасындағы патологиясы бар балаларға - 5187 (22%), түрлі жарақаттары бар пациенттерге - 4797 (20%), (оның ішінде ЖКО кезінде зардап шеккендерге-1880), қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге - 3701 (16%), акушерлік патологиясы бар әйелдерге - 3670 (16%), патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге - 3463 (15%) және басқа да аурулары бар пациенттерге - 2596 (11%) медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсетті.

Спикер өз сөзін «Сала үшін өзекті тақырыптарды талқылауға бағытталған халықаралық ғылыми-практикалық конференция шұғыл медицинаның тұрақты дамуына жаңа серпін береді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді» деген сөздермен аяқтады.

Конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғұмырбек Ағыбаев: «Тәуелсіздік жылдары республиканың денсаулық сақтау саласында бірқатар өзгерістер мен реформалар жүргізілді, соның нәтижесінде жедел медициналық жәрдемнің жетілдірілуі және медициналық авиацияның дербес қызметінің дамуы орын алды. Медициналық авиация кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету құрылымындағы буындардың бірі болып табылады. Жедел медициналық көмектің, медициналық авиацияның және басқа да медициналық қызметтердің бірыңғай үйлесімді және үйлестірілген жұмысы ғана Қазақстан халқына қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін» атап өтті.

Сондай - ақ, 2011-2021 жылдар аралығында орталықты басқарған медициналық авиация қызметінің басқа да басшылары - Нұрлан Ахильбеков, Нұржан Отарбаев және Біржан Оспанов құттықтау сөздерін сөйледі.

Пікірталас платформасының өзектілігі мен маңыздылығын атап өткен Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев бұл конференцияның практикалық сипаты кең екенін атап өтті. Қатысушылардың баяндамалары кәсіби қызығушылық тудырады, ал көптеген идеялар мен ұсыныстар одан әрі іске асыруға лайық.

Конференция барысында Қазақстан, Ресей, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Германияның шұғыл медицинасы саласындағы жетекші мамандар өз баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар сәтті тәжірибенің мысалдарымен алмасып, шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы проблемаларымен бөлісті. Науқастар мен зардап шеккендерді санитариялық-авиациялық эвакуациялау, медициналық авиация қызметін дамыту перспективалары, пандемия жағдайындағы жедел жәрдем қызметінің жұмысы, ауыр жарақат алған пациентті алып жүру, жедел медициналық көмек қызметінің жұмысына 103 автоматтандырылған басқару жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және т.б. мәселелер талқыланды.

Іс-шараның ресми демеушісі «Astana motors», сондай-ақ «Hyundai Trans Almaty» компаниясы болды.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды.

Мы защищаем жизнь и здоровье
каждого Казахстанца

Национальный координационный центр экстренной медицины — оказание оперативной медицинской помощи по всему Казахстану

О нас

РГП на ПХВ «Национальный координационный центр экстренной медицины» является ведущей организацией здравоохранения Республики Казахстан в сфере оказания экстренной медицинской помощи.

Центр обеспечивает круглосуточную диспетчерскую службу по вызову бригад скорой медицинской помощи, координирует деятельность всех подразделений экстренной помощи на территории республики.

Наша миссия - оказание оперативной и квалифицированной медицинской помощи населению, внедрение современных технологий и международных стандартов в практику экстренной медицины.

24/7

Круглосуточная работа

15 мин

Среднее время прибытия

Команда экстренной медицинской помощи

Наша работа в цифрах

2 300+
вылетов
в год
9 000+
пролечено пациентов
в год
6 000+
операций
в год
1 000+
рождённых
в год

Наши подразделения

Специализированные службы, работающие в единой системе экстренной медицинской помощи

Скорая медицинская помощь

Круглосуточные бригады скорой медицинской помощи, оснащённые современным оборудованием.

Санитарная авиация

Авиационная эвакуация пациентов из труднодоступных районов Казахстана.

Реанимация и интенсивная терапия

Специализированные реанимационные бригады для критических состояний.

Акушерские бригады

Оказание экстренной акушерской помощи, сопровождение рожениц.

Неврологические бригады

Быстрое реагирование при инсультах и других неврологических экстренных состояниях.

Служба катастроф

Координация медицинской помощи при чрезвычайных ситуациях и массовых поражениях.

Наши услуги

Экстренная помощь

Экстренная помощь

Круглосуточная служба скорой помощи

Координация служб

Координация служб

Диспетчерская служба 103

Обучение персонала

Обучение персонала

Повышение квалификации медработников

Реанимация

Реанимация

Реанимационные бригады

Транспортировка

Транспортировка

Специализированный медицинский транспорт

Консультации

Консультации

Медицинские консультации по телефону

Первая помощь

Первая помощь

Обучение навыкам первой помощи

Медицинская эвакуация

Медицинская эвакуация

Санитарная авиация



Контакты

Свяжитесь с нами

Телефон

103 - Экстренная помощь

+7 (7172) 573-071

+7 (7172) 573-533

Email

info@emcrk.kz

Адрес

Республика Казахстан, г. Астана,
ул. Хусейн бен Талал, 14

Режим работы

24/7 - Круглосуточно

Без выходных и праздников