2021 жылғы 10 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйелді Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді.
Қабылдау бөлімшесіне түскен кезде әйел қарқынды бас ауруы, кеуде және аяқ-қолдарының қатты ауырсыну туралы шағымдар жасады. Кезекші дәрігерлердің бірлескен қарап-тексеруінен кейін шұғыл түрде көптеген жарақаттармен реанимацияға емдеуге жатқызылды.
14 шілдеде жергілікті жерде жедел араласу мүмкіндігі, бейінді маманның болмауына байланысты медициналық авиация қызметі пациентті Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасына ұшақпен тасымалдады.