Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 21 сағат 51 минутта Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне жол-көлік оқиғасына байланысты қоңырау келіп түсті, жеңіл автокөлік рульді басқара алмай Қалқаман-Павлодар тас жолында жыраға түсіп кеткен. Шақыруға шұғыл түрде 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. 4 минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болды. Зардап шеккендерді медициналық іріктеу жүргізіліп, оқиға орнында дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. 1980 және 1984 жылы туған екі ер адам өте ауыр халде, ес-түссіз күйде және түрлі жарақаттармен Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының реанимация бөлімшесіне әрі қарай мамандандырылған емдеу үшін жеткізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының бригадасы да жұмыс істегенін айта кету керек.