2021 жылғы 11 сәуірде Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасының стационарына жоғары қан қысымы, құсу, әлсіздік шағымдарымен 43 жастағы әйел келіп түсті.
Гемодинамикалық бұзылуларға байланысты пациенттің жалпы жай-күйі ауыр. Жүргізілген зерттеп-қараулардан кейін медицина қызметкерлері "Жүктілік 22 апта, егіздер, жалған толғақ, HELLP-синдром" диагнозын қойды.
HELLP синдромы-жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болатын, гемолизбен, бауыр ферменттерінің белсенділігінің артуымен, тромбоциттер санының азаюымен сипатталатын ана мен ұрыққа қауіп төндіретін асқыну.
Консилиум, облыстық акушер - гинекологпен телефон арқылы консультация өткізілді, осыған байланысты пациентті медициналық авиация желісі бойынша облыстық мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.
12 сәуірде құрамында реаниматолог, акушер - гинеколог және фельдшер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті тұрақты ауыр жай-күйде Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалдады.