fbpx

KZ

2021 жылғы 18 қаңтарда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына арналған Л 410 УВП-Е20 ұшағының тұсаукесері өтті. Таныстырылым барысында ҰШМҮО өкілдері ұшақтың жабдықталуымен, оның негізгі ұшу-техникалық сипаттамаларымен танысты, сондай-ақ ұшақтың кабинасын қайта жабдықтау және шұғыл пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін кәсіби медициналық жабдықпен жиынтықтау шартымен Қазақстан Республикасының медициналық авиация қызметі үшін әуе кемесінің осы түрін қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Тұсаукесер соңында ұшақпен 30 минуттық сынақ өткізілді.

Өзінің ұшу-қону сипаттамаларының арқасында осы модификацияның ұшақтары дайындалмаған топырақты, шөпті, қарлы алаңдарда, сондай-ақ қысқа ұшу-қону жолақтары бар әуеайлақтарда пайдаланылуы мүмкін. Күшті және сенімді шассиге ие ұшақ барлық жерде дерлік қона алады. Республика өңірлерінің нашар дамыған әуеайлақтық инфрақұрылымын ескере отырып, көрсетілген сипаттамалар ҰШМҮО әуе паркін таңдау кезінде маңызды өлшемшарт болып табылады.

Шұғыл нысанда медициналық көмек көрсету үшін тартылатын медициналық күштер мен құралдардың жеделдігі мен мобильділігін арттыру, медициналық авиацияда пайдаланылатын әуе паркін жаңғырту, сондай-ақ жаңарту азаматтарымыздың орналасқан жеріне қарамастан, мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар