fbpx

KZ

ҰШМҮО пациенттердің медициналық қызметтер сапасына қанағаттану дәрежесін бағалау. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау мақсатында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек алатын пациенттер арасында сауалнама жүргізіледі. Пациенттердің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау әзірленген өлшемшарттар тізбесі бойынша жүргізіледі: * медицина қызметкерлерінің түсініктемелерінің қол жетімділігі және толықтығы; * медициналық қызмет көрсету сапасы; * қауіпсіздік ережелері мен санитариялық нормаларды сақтау; * қызметтерді тікелей медициналық қызметкерлерге төлеуге тура келді ме?; * медициналық авиация қызметінің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар мен тілектер. . Пациенттердің қанағаттану дәрежесін бағалау пациентке бағдарланған тәсілді сақтауға, тұрақты дамуға мүмкіндік береді және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етеді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар