2026 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың денсаулығын сақтау құқығын бекіткен және денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.
Конституцияда бекітілген денсаулықты қорғау құқығы уақтылы әрі қолжетімді жедел медициналық көмектің маңыздылығын ерекше көрсетеді. Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының 103 қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Қанғожина Әсем Серікқызы айтып берді.
Ол 103 қызметінің жұмысы, шұғыл шақыртуларды қабылдау және өңдеу ерекшеліктері, күн сайын және жыл көлемінде түсетін шақыртулар саны, сондай-ақ, халыққа жедел медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі туралы баяндады.
Жедел медициналық жәрдем – мемлекет кепілдік берген медициналық көмек көлемінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның негізгі міндеті – өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар кезінде пациенттерге уақтылы әрі сапалы жедел медициналық көмек көрсету.








