fbpx

KZ

Бүгін 2025 жылдың 26 маусымында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарымен ғылыми және профилактикалық бағытта жұмыс жүргізді.

Кардиоторакалды хирургия және кардиология департаментінің басшысы Жакиев Талғат Базылбекұлы және травматолог дәрігер Солод Алексей Евгеньевич №13 және №9 қалалық емханаларға барып, медициналық қызметкерлермен кездесулер өткізді. Кездесу барысында клиникалық практика, профилактика және пациенттерді маршрутизациялау мәселелері талқыланды.

 Іс-сапардың негізгі мақсаты — халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды күшейту және кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу арқылы БМСК ұйымдарының әлеуетін дамыту.

Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің барлық деңгейлері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар