2025 жылғы 3 мамырда туылған кездегі ауыр асфиксия диагнозы қойылған жаңа туған сәби Алтай ауданынан Өскемен қаласына шұғыл түрде тасымалданды.
Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы мен ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштарының қатысуымен жүргізілді. Бригаданың құрамында неонатолог дәрігер Дархан Сәтбаев, фельдшер Татьяна Сергеева және ұшқыштар Евгений Гончаров пен Олег Алфеев болды. Сәбиді тасымалдау "Ми-8" тікұшағы арқылы жүзеге асырылды.
Медициналық топ пен әуе кемесі экипажының кәсіби әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында кішкентай пациент Өскемен қаласындағы арнайы медициналық мекемеге уақытылы әрі қауіпсіз жеткізіліп, білікті дәрігерлердің бақылауына берілді.