ҰШМҮО оқу-әдістемелік орталығының нұсқаушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне жүрек-өкпе реанимациясы бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Төтенше жағдайларда адам өмірін сақтауға, асқынулардың алдын алуға және зардап шегушінің денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталған шұғыл әрекеттер алгоритміне ерекше назар аударылады. Қатысушылар бұл мастер-класста медициналық мамандар келгенге дейінгі адам өмірін құтқаруға арналған алғашқы көмек көрсетудің негізгі принциптерін үйренетін болады.
Благодарность пациента — лучшая оценка работы медицинской команды
Благодарность пациента — лучшая оценка работы медицинской команды. После успешно проведённой операции пациент выразил искреннюю благодарнос...
Читать далее
