fbpx

KZ

Солтүстік Қазақстан облысының Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына салмақтың нашар өсуіне, туылғаннан бастап дірілдеуі, сұйық нәжіске шағымданып 1,5 айлық бала келіп түсті.

Баланы зерттеп-қарады, муковисцидоз анықталды – бұл тіндердің және экзокриндік бездердің секреторлық қызметінің зақымдануынан туындайтын ауыр туа біткен ауру. Муковисцидоздың себебі – гендік мутация.

Бүгінгі күні бұл ауруды толығымен жеңу мүмкін емес, бірақ тұрақты адекватты емдеу жағдайында мұндай диагнозы бар адам ұзақ өмір сүре алады. Диагноз неғұрлым ерте қойылса, емдеу неғұрлым ерте басталса, пациенттің жай-күйі соғұрлым оңай болады, соғұрлым ұзақ және жақсы өмір сүреді.

Осы диагнозды қою үшін балаға Алматы қаласы Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының күрделі соматикалық патология мамандарымен телемедициналық консультациялар ұйымдастырылды.

Баланың жасын, ауыр ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздігін, салмақ тапшылығын, сирек кездесетін аурулар бойынша үйлестіруші болып табылатын Алматы қаласының Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының жағдайында ерекше бейінді зерттеп-қарау қажеттілігін назарға ала отырып, бала медициналық авиация күшімен одан әрі емдеу үшін республикалық клиникаға тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар