fbpx

KZ

ҰШМҮО Басқарма төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалиұлы Қытайға барып, «Қытай-ШЫҰ» Халықаралық шұғыл медициналық көмек форумына қатысты. Осы айтулы шарада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында жедел медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша маңызды бастама ұсынылды.
Асхат Ишанғалиұлы Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмекті үйлестіру мәселелері бойынша ғылыми баяндама жасады және оны дамытудың негізгі аспектілері талқыланған панельдік пікірталасқа қатысты, сондай-ақ төтенше жағдайларға төтеп беру жөніндегі оқу-жаттығуға қатысты. Бұл – төтенше жағдайларға төтеп беру іс-қимылдарының заманауи әдістерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba