fbpx

KZ

Спартакиада аясында бүгін конференция өтті, онда жүрек-өкпе реанимациясындағы заманауи тәсілдер, жедел жәрдем көліктерінде пациенттерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде өңірлік және ұлттық деңгейде деректерді беру, ЖКС кезіндегі ЭКГ дифференциалды диагностикасы мәселелері талқыланды.

А.Перевенцев - дәрігер реаниматолог - анестезиолог, Ресей Федерациясы санитариялық авиация Ұлттық қызметінің бас дәрігері; А. Ciardella – Protect Medical Holding GmbH компаниясының басқарушы директоры; Maria Hrytsuk - GS Elektromedizinishe Gerate G. Stemple GmbH компаниясының халықаралық сату жөніндегі менеджері; «Абди Ибрахим Глобал Фарм» компаниясы –  Г. Беделбаева баяндама жасады.

Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Г.Құрманбекова Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, жедел көмек көрсету жөніндегі халықаралық стандарттар бойынша оқытуды ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Г.Ағыбаев жүргізді.

Конференцияға қатысушылар келешекте жұмыста қолданылатын көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.

FaLang translation system by Faboba