fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының азаматшасы, сөйлеу қабілеті бұзылған және тепе-теңдігін кенеттен жоғалтқан әйел Түркия Республикасы Анталья қ.клиникасының шұғыл көмек бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Медициналық мамандарының қарап-тексеруінен кейін әйелге «цереброваскулярлық ауру» диагнозы қойылды.

Түркия Республикасында ес-түссіз ауыр халде жатқан ҚР азаматшасын-оның тәтесін әуе көлігімен тасымалдауға жәрдем көрсету туралы пациенттің туысқанының келіп түскен сұрауының негізінде белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша отанына тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

19 қыркүйекте медициналық авиацияның мобильдік бригадасы комада жатқан, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған пациентті Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba