fbpx

KZ

Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылдың 3 қыркүйегінде жедел медициналық жәрдем бригадасы дененің термиялық күйігін алған 3 жасар баланы жеткізді.

Абайсызда отқа құлап, жарақат алды. Жалпы жай-күйі күйік шокының, ауыру синдромының салдарынан ауыр, шұғыл реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Облыстық медицина мамандарымен телефон арқылы консультация беру жүргізілді, медициналық авиация желісі бойынша пациентті бейінді бөлімшеге ауыстыру мүмкіндігі бар жерде бетпе-бет консультация беру ұсынылды.

5 қыркүйекте медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Меркі ауылына келді. Жүргізілген қарап-тексеруден кейін баланы мамандандырылған көмек алу үшін Тараз Көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді.

Құрметті ата-аналар!

Бала жарақатының алдын алу үшін, Сіздің балаңыз қазіргі уақытта қай жерде жүргеніне қарамастан, бала үшін қауіпсіз болу ортасын құру керек. Бала күтімін дұрыс ұйымдастыру, сақтық, жауапкершілік, өзін-өзі тәрбиелеу, жеке мысал денсаулықты сақтауда, нығайтуда және қауіпті жағдайлардың алдын алуда жетекші рөл атқаруы тиіс.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Балаларды жазатайым оқиғалардан сақтаңыздар!

FaLang translation system by Faboba