fbpx

KZ

Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Іс қағаздарын жүргізу және мемлекеттік тіл бөлімі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» байқауын өткізді. Байқауға қатысушылар ақынның белгілі өлеңдерін оқып, сұрақ-жауап сайысына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша қызметкерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ ақыны, әдебиеттанушы, түркітанушы, публицист, ұстаз, аудармашы және қоғам қайраткері, XX ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, Алаш Орданың атқарушы билік мүшесі және ағартушы.

FaLang translation system by Faboba