fbpx

KZ

Баланы іштің, арқа ауыруы, әлсіздік шағымдары мазалаған. Келген жедел медициналық жәрдем қандағы қанттың айтарлықтай жоғарылағанын анықтады. Бала шұғыл түрде Зайсан қаласындағы аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.

Облыс орталығынан қашықтық алшақтығын, жағдайдың шұғылдығын, баланың жасын назарға ала отырып, 2022 жылғы 1 қыркүйекте медициналық авиация күшімен баланы одан әрі емдеу үшін Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалданды.

 

Құрметті ата-аналар! Балаңызға назар аударыңыз және қант диабетінің кішкене болсын белгісі байқалса дереу дәрігерге қаралыңыз.

Балалардағы қант диабеті, әдетте, жіті дамиды, прогрессивті және ауыр ағымға ие болады, ал алғашқы белгілер анықталған кезде бұл ауруды емдеуді бастау керек.

Балалардағы қант диабетінің негізгі белгілері – шөлдеу мен көп мөлшерде зәр шығаруының жиілеуі. Ата-аналар баласының көбінесе күндіз ғана емес, түнде де су ішуді сұрайтынын байқауы мүмкін. Дәрігерлер ата-аналарға мұндай күдікті белгілерді анықтаған кезде баланың шығарған зәріне назар аударуға кеңес береді – бұл әдетте жабысқақ түрде болады, өйткені оның құрамында көп мөлшерде қант бар.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы балалар мен жасөспірімдерде қант диабетін ерте профилактикалау аурудың алдын алуға және асқынулардың пайда болу қаупін азайтуға көмектесетінін еске салады.

Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!

FaLang translation system by Faboba