fbpx

KZ

2022 жылғы 27 тамызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Құқықпен қамтамасыз ету бөлімі дайындаған баяндама тыңдалды, онда Конституция күні Қазақстанның демократиялық таңдауының тарихи дұрыстығын, қазақ мемлекетінің тарихи сабақтастығын, барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тетіктерді жетілдіруге қатысуының маңыздылығын тағы бір рет растау болып табылатыны атап өтілді. Ата Заң – қоғам тұрақтылығының кепілі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұжымы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық, ашық аспан тілейді!

FaLang translation system by Faboba