fbpx

KZ

2022 жылғы 19 тамызда Абай облысы Үржар аудандық ауруханасына бас ауруына шағымданумен жүкті әйел келіп түсті.

Қабылдау бөлімшесінде  қарап-тексеру кезінде жоғары қан қысымы анықталды. Әйел реанимация бөліміне емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жай-күйіне байланысты консилиум шақырылып, бейінді мамандармен телефон арқылы консультация ұйымдастырылды, нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша Семей қаласының перинаталдық орталығына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

21 тамызда аудан облыс орталығынан алыс болғандықтан, ықтимал асқынулардың алдын алу мақсатында жүкті әйел одан әрі емдеу үшін ұшақпен Семей қаласының перинаталдық орталығына тасымалданды.

 

FaLang translation system by Faboba